2-тапсырма Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат

Мәтін: Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады. Зертханалық жануарлар — егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем құстар, тоты, шымшық, т.б. аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 — 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, а ң күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.
Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани қазына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау нәтижесінде бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзгерістер байқалады. Мысалы, ең ірі ит тұқымы — сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит — чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмағы — 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық — рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады.
Ата тегімен салыстырғанда үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болды. Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, сүт, жұмыртқа, жүн, т.б. мөлшері көбейді. Атап айтқанда, ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.

lliza123 lliza123    1   07.12.2020 07:53    4

Ответы
ros25 ros25  12.02.2021 19:45

блмедм

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi