2-тапсырма. Мәтінде кездесетін сөздердің астын сыз кемінде үш сөз. Осы сөздерді қолданып, шағын мәтін құрастыр 5 сөйлем. (Для начала
подчеркните слова, которые встречаются в тексте не меньше трех слов,
Затем используя эти слова составьте небольшой
рассказ 5 предложений).
Домбыра, күй, ақын, әнші, өнер, білім, су, еңбек, шығарма, жаңбыр, мүсінші, бата, оқыған

Nahchik Nahchik    3   03.03.2021 11:59    0

Ответы
Bisspector Bisspector  02.04.2021 12:00

Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Әнші — әнді нақышына келтіріп, шебер орындайтын адам.Ертеде қазақтар той-томалақтарды әнші-күйшісіз өткізбеген. Сондай-ақ, қазақтың дәстүрлі неке ғұрпындағы рәсімдерге әншілер арнайы шақырылып, астан кейін әншілерге кезек берілген. Нағыз әншінің әншілік өнерінің танылар тұсы да осы сәт. Мысалы, бірде Семей мен Жетісу өңірінің қазақтары жиналып, сайысқа түскенде, Семейдің әншілері қарсыластарының басымдығын байқап, дереу бір атақты әншіге жаушы жіберіп, оны бірнеше жүз шақырым жерден алдыртуға дейін барғанекен. Мұндай шаралар ру, жердің намысы мен беделі үшін жасалған және руаралық қатынастарды реттеуші элемент қана емес, өнер атаулының бағалануы мен алға қарыштауына серпін беретін іс. Екінші жағынан сол халықтың өнерін паш ету, дәріптеудің нақты бір үлгісі болып табылады. Әнші өнер атадан балаға мирас болып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. 

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi