2-тапсырма. Мәтінде асты сызылған сөздермен сөйлем құрап жаз Вот по этому тексту

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төменде берілген тапсырмаларды орында.
ХХІ ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, тұрмыстық техника және т.б.) елестете алмаймыз. Сондықтан тұрғындардың өмір сүруі үшін керекті қуат көзінің бірі – электр энергиясы. Жыл сайын оған деген сұраным артып келеді. Тұтыншыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлемдегі басты мәселеге айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір мен мұнай жағылады. Мұндай отынның табиғатқа зияны өте көп. Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман кесіліп жатыр.
Қазір бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатыр. 2017 жылы Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен «ЭКСПО-2017» көрмесі өтті. Көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын жаңа технологиялары көрсетілді.

kate832 kate832    3   07.12.2020 18:22    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi