2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, стилін анықтаңдар. Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл -қайта жаңғырған қазақ Бағдар мен белес мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл — көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет. Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдык белеске бөліп қарастыруға болады. Оның әрқайсысы аткарган миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр. Мен азаттықтың алғашқы онжылдыгын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезень деп атар едім. Осы уақытта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандар белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға еніп, қару Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қаты орнатылды да еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. «Қазақстан 2030» стратегиясын қабылдадық. Шығыстағы көршімізбен шекарамы бекіттік. Басқа да іргелес мемлекеттермен шекара жөніндегі келіссөздер қарки жүргізіле бастады. Ел аумағын ядролық қарудан толык тазарттык. Елордамызды төсіне көшірдік Түрлі дағдарыстардан аман өтуге мүмкіндік берген Ұлттық қо құрылды. Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақыры көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілу

Mahb Mahb    3   08.12.2021 06:11    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi