2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар, тірек сөздерді жазыңдар! Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы. Ол-Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Астанамыз -Нұр-Сұлтан қаласы. Ол күн сайын көркейіп келді.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 29 жыл болды. Оның өз рәміздері бар. Олар : ту, елтаңба, әнұран. 1993 жылы ұлттық валютамыз теңге айналымға енгізілді. Мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады. Олар өзара тату. Әр халықтың өз салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары бар. Қазақстанның табиғаты әдемі. Жері бай. Біздің елімізде ұратын әрбір азамат өз Отанын мақтан етеді.
3- тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, достарыңды Тәуелсіздік күнімен құттықтап ашық хат жазыңдар.
Құрметті, құттықтаймын, оқып, мен, 16-желтоқсан, күнімен, саған, зор, сабағыңды, денсаулық, ашық, жақсы, еліміздің, досым, мықты, азаматы, бол, Тәуелсіздік, аспан, сені, тілеймін.
4- тапсырма. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып жазыңдар, жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызыңдар
Наша Родина, чистое озеро, красивый город, дружный народ, наша Республика, маленький аул, богатый край.