2 тапсырма Мәтінді оқып, тапсырмаларды орында Ауа райын зерттеу адамның тұрмыс- шаруашылық әрекеті үшін қажет. Ауа райы болжамынсыз ұшақтар аспанға көтерілмейді.
Қазақстан аумағы солтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде орналасқан. Қазақстанның климаты қоңыржай – шұғыл континентті, яғни жазы өте ыстық, қысы өте суық.
Еліміздің климатын қалыптастырушы негізгі үш фактор бар, оларға жердің төсеніш беті, күн радиациясы, атмосфераның алмасуы жатады.
Республика аумағына ауа массаларының үш түрі әсерін тигізеді, олар арктикалық, қоңыржай, тропиктік. Арктикалық ауа массалары – Солтүстік Мұзды мұхиттан, қоңыржай ауа массасы – Атлант мұхитынан, тропиктік ауа массалары – Орта Азиядан келеді.
Қазақстандағы ең суық ай – қаңтар. Еліміздің ең суық жері - Атбасар өңірі, ол жерде кейде температура -57°C-ға дейін төмендеген. Қазақстандағы ең жылы ай – шілде. Ең жоғарғы температура оңтүстікте 47° C-тан аспайды.
Бүгінгі күні ауа райын ғарыштан бақылауға болады, өйткені тек адамның қолынан келмейді. Ауа райы - жеріміздің алып күшінің бірі.

Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап бер

1.Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? 2 себеп жаз


2. Мәтіннен жалқы есімдерді анықта

Dashka6969 Dashka6969    1   29.10.2020 09:53    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi