2-тапсырма. Мәтінді оқып шық. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, сөйлемдер құрастыр, өз сөйлемдеріңе одағай сөздер қолдан.
Дәрігер-диетолог, Сидней университетінің профессоры Дэвид Раубенхаймер пайдалы
тағамдармен тамақтанудың мүлде жаңа түріне көшуді ұсынады. Профессор ересек адамның
тағам мөлшері 44-65 пайыз көмірсулардан, 35 пайыз майдан және 25 пайыз ақуыздан тұруы
қажет екенін айтып отыр. Айтулы маман ондаған жылдар бойы Жаңа Зеландияда өмір сүретін
жергілікті адамдар мен жабайы жануарларды бақылаған. Ғалым сондағы тіршілік атаулының
қалай тамақтанатынын зерттеп, олардың пайдаланатын тағам мөлшерін сараптай отырып,
адамдарға тек пайдалы тағамдармен тамақтану қажет екенін айтады. Диетологтың айтуынша,
жануарлар олардың ағзасында қандай да бір элементтердің жетіспейтінін өздері-ақ сезеді екен.
Сонымен қатар, егер де адам қандай да бір сырқатпен диетологтың көмегіне жүгінетін болса,
онда оның ағзасында белгілі бір заттың жетіспеушілігі немесе шамадан тыс заттың бар екені
айтылады. Алайда Раубенхаймердың айтуынша, мұндай жағдайлар көбінесе ағзадағы
заттардың үйлесімсіздігімен байланысты болады. Оның болжауынша, ағзаға қажетті заттарды
табиғи азық-түлік өнімдерінен алу керек.
Бұған дейін диетологтар асты жиі әрі аз мөлшерден ішудің пайдасы жоқ
екені жөнінде пікір білдіргені белгілі. Ғалымдар отбасылық таңғы, түскі және кешкі астың
пайдасын айтады. Диетологтардың айтуынша, таңғы асты ішу арқылы кешкі астағы
калорияны азайтуға болады екен. Дегенмен көптеген ғалымдар тамақты дұрыс ішу
нормасына қатысты нақты тұжырымдама жоқ екенін алға тартады.​


2-тапсырма. Мәтінді оқып шық. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, сөйлемдер құрастыр, өз сөйлемдерің

fonato fonato    3   12.03.2021 12:05    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi