2-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтіннен зат есім, сын есімдерді анықтаңыз. Айсұлу, Күнсұлу сөздерін буынға бөліп, буын түрлерін ажыратыңыз.
Айсұлу мен Күнсұлу
Ай мен күн өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы
болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен
бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп
отырған Айсұлуға тиісіп: -Сенен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ,
сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен
шатаққа айналады. Ыза кысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп
отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың
бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде
ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн
қараңғылығында бұтып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі
көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.
Зат есім сын есім
Айсұру -
Күнсұлу
айсулу кунсулу шыгар менын ойымша
зат есім:ай күн
сын есім:сұлу
Объяснение:
қате болса ренжіме