2-тапсырма. Мәтінді оқып, ат қой. Бір түлкі орманды аралап келе жатып, қырғауылды көреді. Қырғауыл ағашта отыр. Түлкі қырғауылға: Сәлеметсің бе, қырғауыл! Халің қалай? – дейді. Жақсы, өзің қалайсың? — дейді Қырғауыл. Түлкі: Жерге түс. Сөйлесейік, - дейді Жерге түспеймін, қорқамын. Жерде көп аңдар бар. Олар мені жейді, - дейді Қырғауыл. Түлкі: Әй, досым, қазір «бір аң екінші аңды жемейді» деген бұйрық шықты. «Қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін»депті, - дейді. Қырғауыл: Жақсы хабар екен. Рақмет, досым, Түлкі. Сен бұл хабарды анау жақта келе жатқан иттерге де айт, - дейді. «Ит» деген сөзді естіген Түлкі алды-артына қарамай қашады. Қырғауыл: Қайда барасың, Түлкі досым? Бұйрықты ұмыттың ба? – дейді. Кім біледі, бұйрықты олар естімеген шыгар, - деп Түлкі қашып кетеді. Мәтіннің аты: Мәтіннің идеясы:
матинин аты Құрғауыл мен Түлкі.