2-тапсырма. Мәтінді оқып, 5-сұрақ құрастырып жазыңдар. Тірек сөздер: мөлдір сұйықтық – прозрачная жидкость
ажырамас бөлігіне – неотъемлемая часть
бойына сіңіру – воспринимать
қасиеті – качество
температурасын тұрақтандырады – поддерживает температуру
оттегіні тасымалдайды – насыщает кислородом
зейін – стимул
ағзада қан жасалуын реттейді – приводит в порядок процес кроветворения в организме
тіршілік нәрі – источник жизни
тәулігіне – в сутки
өмір сүру – жить (существовать)
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.
Су- тіршілік нәрі. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білесіңдер. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4-5 литр су ішеді. А тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады.
Ал сусыз 1 аптадан артық өмір сүре алмайды.