2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Мазмұнын түсініңдер. Абай өлеңдерінің бір алуаны – табиғат лирикасы. Табиғат – адам
баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абай асқан шеберлікпен
жылдың төрт мезгіліне де арнап өлең жазды. «Жазғытұры», «Жаз»,
«Күз», «Қыс» атты өлеңдерінде табиғаттың тылсым құбылыстарын
шынайы өмірмен астастыра суреттейді. Жаратылыстың жайдары
жазын, түсі суық тұманды күзін не болмаса сақылдаған аязы мен
қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.
Абайдың өлеңдерінде күнделікті өмір, адамдардың күнкөрісі мен
іс-әрекеті және өзінің де көңіл күйі анық көрінеді.
«Абайтану» кітабынан |составить 3 вопроса