2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрап жазыңыз. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалог (үзінді) Ертеңінде белгіленген сағатта Бауыржан Қарағандының офицерлер үйіне келді. Атақты Момышұлын көру үшін қала офицерлері әйелдерімен, бала-шағаларымен жиналған екен. Блоха да сол жерден кездесті. Ине шаншар жер жоқ, иін тірескен жұрттың алдында Бауыржанға сөз берілді. Сөз берілерден бұрын Момышұлының Ұлы Отан соғысының каһарманы, бүкіл дүние жүзіне белгілі әдеби герой, атақты жазушы екені айтылды. - Жолдастар, - деді Бауыржан орнынан тұрып, дүниежүзіне аты жайылған атақты Момышұлы мен емес. Жұрт демін ішіне тартып, үндемей қалды. Осы кезде Бауыржан сөзін қайтадан жалғады. - Бірақ ол осында отыр. - Жұрт одан сайын аң-таң бола бастады. Осы кезде Бауыржан президиум үстелінің басында отырған өзгелерден бітімі бөлек, балуан денелі адамды нұсқады. - Міне, ол мына кісі. Осыдан 18 жыл бұрын бұл кісі мені ажалдан алып қалды. Мені ажалдан арашалап алып, жаңа айтылғанындай, бүкіл дүниежүзіне паш еткен адам бұрынғы пулеметшім Блохамен мен кеше ғана табыстым. Сіздердің алдарыңызда осы адамды құшақтап, үш рет бетінен сүюіме рұқсат етіңіздер. Жұрт ду қол шапалақтап, орындарынан түрегелісті. Бауыржан мен Блоха екеуі сүйісіп болғанша алақан шартылы басылмады Кездесуден кейін Бауыржан Блоханың үйіне қонаққа барды.

NastyTyan NastyTyan    1   19.05.2021 15:58    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi