2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқы. Мәтіннен зат есімдерді тауып, төмендегі кестеге үлестір. Адам саны көп, үлкен қалалардың тұрғындары үшін ең қолайлы қоғамдық көліктің түрі – метро. «Қоғамдық көліктің рельсті түрі» деген мағынна білдіретін француздың «метрополитен» сөзі қазір көптеген елдерде өзгеріссіз қолданылады. Әдетте, метро тұрғындар саны миллионнан асатын үлкен қалаларда салынады.
Әлемдегі 3,6 шақырымды құрайтын ең алғашқы метро 1863 жылы 10 қаңтарда Лондонда іске қосылды. Қазір бұл метро ең «қарт» метро саналады. 2011 жылы желтоқсанда Алматы қаласында іске қосылған Қазақстандағы алғашқы және жалғыз метро әлемдегі ең жас метрополитен болып табылады.
Әлемдегі метро бееттерінің аялдамалары бір-біріне ұқсас келеді. Алайда Алматы метросындағы бекеттер бір-бірімен өзгешеленіп тұруымен ерекшеленеді. Құрылысы 23 жылға созылған Алматы метросының ұзындығы 11,3 шақырымды құрайтын 9 бекеттен тұрады және 40 метрлік тереңдікте салынған. Метрополтитеннің күту алаңдары кең, жарық, таза. Пойыздардың орташа жылдамдығы сағатына 40 шақырымды құрап, жолаушыларды бір бекеттен екінші бекетке 2-3 минуттың ішінде жеткізеді. Метро қызметін тұтынушыларға 24 эскалатор, 9 желдеткіш және көтергіштер мен лифт қызметі ұсынылған.
Ал әлемдегі ең ұзын метрополитен Қытай астанасы Пекин қаласында орналасқан. Бұл метро 1969 жылы ашылып, 2012 жылы жаңа бекеттермен толықтырылды. Сөйтіп, метроның ұзындығы 442 шақырымға жетті. Пекин метросы 16 бағытқа қатынайды және 265 бекеттен тұрады. Бұл алып метроны күніне120 миллионға жуық жолаушы пайдаланады екен.
Қазіргі кезде әлемде ірі қалалардағы жол-көлік қозғалысында қауіпсіздігі мен жайлылығы және уақыт үнемдеу жағынан метромен бәсекеге түстеін «көлік»жоқ.

Зат есімнің түрлері
Мысалдар
Жалқы есім

Жалпы есім

Деректі зат есім

Дерексіз зат есім

Туынды зат есім

Тәуелдік жалғауы жалғанған зат есімдер


2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқы. Мәтіннен зат есімдерді тауып, төмендегі кестеге үлестір. Адам саны к

KATIAqwerty KATIAqwerty    1   04.03.2021 05:17    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi