2- тапсырма Мәтін үзіндісін мұқият оқып, оқшау
сөздерді тауып жаз, астын сызып шығыңдар.
Біле білсек, қиял-ғажайып дүниелердің ең озық үлгілері
қазақтың халық ауыз әдебиетінде жатыр. Мәселен
ертегілер мен батырлық дастандар арқылы халқымыз өз
қиялындағы ержүрек ерлердің қандай мінсіз бейнесін
сомдады десеңізші. Керқұла атты Кендебай, Ертөстік,
Қобыланды мен Қамбар, Алпамыс сияқты минут сайын
өсіп, сағат сайын толысып, атса оқ өтпейтін, шапса
қылыш кеспейтін, жүгірген аңға да, ұшқан құсқа да
жеткізбейтін ерекше жандар иесі. Біріншіден олар
халықтың арманы мен мақсатынан туындаса, екіншіден
көп теперіш көрген, талай зұлматты басынан өткерген
момын халықтың қорғаушысы бола білгені де рас.
Меніңше қиял ғана адамды өз күш-қайраты мен ақыл-
парасатына жетелейтін күш иесі,