2-тапсырма «Ұлы Жібек жолы – елдерді байланыстырған сауда жолы» тақырыбына 40-50
сөзден тұратын эссе жаз. Эссе кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен
тұруы қажет.​


2-тапсырма «Ұлы Жібек жолы – елдерді байланыстырған сауда жолы» тақырыбына 40-50сөзден тұратын эссе

ttttt18 ttttt18    2   03.12.2020 21:19    22

Ответы
KitKat321456 KitKat321456  03.12.2020 22:00

Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында бұл зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер, мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар — базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір-бірімен ұласып, Шығыс пен Батысқа, Оңтүстік пен Солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осылай б.з.б. II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi