2-тапсырма. Д.Жолжақсынов туралы мәтінді оқып, 5 сұрақ құрастыр. Прочитайте текст про Д.Жолжаксынова, составьте 5 вопросов. 5б
Досқан Қалиұлы Жолжақсынов 1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік өнер институтын тәмамдаған. Актер, әнші, Қазақстаның халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.
1971 жылдан қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
1995-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болған. Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам бейнені сомдаған. Сонымен қатар халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал. Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер» т.б. фильмдерге түскен. «Біржан сал» фильмінің режиссеры.