2-тапсырма: Берілген тұрақты сөз тіркестерінен синонимдік мағынадағы тіркестерді бір бөлек, антонимдік тіркестерді бір бөлек жазыңдар. Аузын буған өгіздей, жер аяғы қиянда, аузы - аузына жұқпау, дымын шығармау, ит өлген жер, жұмған аузын ашпау, таяқ тастам жер, көзі алақандай болды, жүрек жұтқан, төбе шашы тік тұрды.
3-тапсырма: Берілген тұрақты тіркестерден сөйлемдер құрап жазыңдар.
Шыбық тимей шыңқ етер, сөзінің аяғын жеп қояды, арам тамақ, сөзі түйеден түскендей, қоян жүрек, бетімен кеткен, адамгершіліктен жұрдай.