2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдай отырып, толықтауыш қызметінде тұрған сөздердің мағынасын, жасалу жолын анықтаңдар.
1. Мәкiш те Абайдан осы жөннен жауап естімекке ынтық сияқты
(М.Ə.). 2. Мен әжемді дүниедегі ең бақытты ананың бірі санайтынмын
(С.Мұр.). 3. Ажар күндегі әдетінше Асанбайдың қолына торлама
дорбаны ұстата берді (Ғ.М.). 4. Мен Абайды ақын деп қана емес, ойшыл,
философқа балап оқыдым (Ә.Н.). 5. Өмірінде мұндай қорлықты көрме-
ген қасқыр жанталасып тулап жатыр (Ә.Ә.).
А) Қарамен жазылған сөздерге лексикалық талдау жасаңдар.