2 тапсырма. Берілген мәтін бойынша «Төрт сөйлем» әдісін қолданып тапсырманы орында.
1. Пікір.Оқыған мәтін бойынша өз пікірінді бір сөйлеммен жаз.
Менің ойымша,
2. Дәлел.Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Себебі,
3. Мысал.Пікірінді өмірмен байланыстырып,мысал келтір.
Мысалы,
4. Қорытынды.Тақырып бойынша қорытынды жаз.
Сол себепті, сондықтан
Текст-
Әлем қарыштап дамуда. Әрбір күн жаңалықка толы. Тың дүниелер, жаңа технологиялар мен
зерттеулер бүгінде ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде. Біз ХХІ ғасырдың басты жаңалығы
деп білетін жаңа ақпараттық технологиялар әрбір секунд сайын қарқынды дамуда. ХХІ ғасыр -
бүгін ашқан жаңалығың, ойлап тапқан дүниең ертең-ақ ескіге айналатын заман.
Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік оның одан сайын дамуына, жаңа әрі
қолжетімді техника мен технология түрлерінің пайда болуына септігін тигізуде. Әлемді жаңа
технологияларымен басқарып отырған АҚШ пен Жапония, Оңтүстік Корея елдері технология
саласы қарқынды дамыған алпауыт мемлекеттердің көшін бастап тұр. Біз компьютер, гаджет,
робототехника, 3D, 4D, 5D құрылғыларының бәрі - сол шетелдік аса ірі технологиялық
компаниялардың жетістігі екендігін нақты айта аламыз. Яғни, шетел өндіреді - біздің еліміз
оны тұтынады. Оның себебін айтпасақ та белгілі болар. Дамушы мемлекет ретінде Қазақстан
әлемдік бәсекелестікке тойтарыс беруге талпынып келеді. Десе де, дәл осы жаңа
технологиялар саласы бізден әлі де болса барынша алға жылжуды талап етіп отыр. Әлемдік
деңгейге шығуға бізге біраз уақыт қажет.
Сол деңгейге жетуге қажетті дүниенің барлығы бізде бар. Білімді жастар да, сол білімді
тиімді пайдалануға арналған жағдай мен бағдарламалар да, мемлекеттік қолдау мен жобалар
да, түрлі идеялар да бар. Жастар заманның жаңа талаптарына тез бейімделулері қажет. Жаңа
технологияны дамыту маңызды, оны жүзеге асыру – жастардың мақсаты. Қазақ жастарына
заман ағымымен бірге жүруге, жаңа жағдайларға бейімделуге, кез келген жаңа дүниені оң
қабылдауға үйренісу қажет. Сонда біз әлемдік аренаға жаңа технологияларды ұсынуға,
бәсекелестікке қабілетті болуға қауқарлы боламыз.
. Заранее .