2-тапсырма. Берілген анықтаманы оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз. Ресми-іс қағаздар стилі. Ресми іс қағаздар стилі кеңсе стилі, ресми стиль, iс қағаздар стилi деп те атала береді..
Қызмет көрсету саласына қарай ресми стильдiң жанрлары: заңдар, нормативтік актілер, қаулылар, бұйрықтар, шешiмдер, бұрыштамалар, ескертпелер, хабарландырулар, сертификаттар, есептер, сауалнама, мәлімдемелер, сенімхаттар, өмірбаяндар, қорытындылар, сипаттамалар, актiлер, хаттамалар, нұсқаулар, келісімшарттар, шарттар және т.б.
Сөйлеу түрі- монолог. Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу
орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сез ресми құжаттарда - азамат, жолдас, телефон станциясында - абонент, ательеде-заказ беруші, шаштаразда - клиент, ауруханада - науқас, санаторийде-демалушы, тынығушы, кітапханада -оқырман, қызмет орнында - маман, қызметкер, қоғамдық көлікте жолаушы т.б.