2-тапсырма. А) Мәтінді мұқият оқып шығып, 2 проблемалық сұрақ құраңыз.
В) Мәтінде кездескен шылауларды түріне қарай топтастырып жазыңыз.

Қазақстандық немістердің біздің өлкемізге келу тарихының өзіндік ерекшеліктері бар. Егер неміс ұлтының Қазақстанға келу тарихына үңілер болсақ, алғашқы немістердің Қазақ даласында соғыс жылдарында емес, одан да ертерек келгенін байқаймыз. Жалпы немістердің Қазақстанды мекендегеніне 200 жылдан астам уақыт өтті, мұны тарих парақтарында қалған жазбалар дәлелдейді.
Қазақтанға немістер алғаш Ресей мемлекетінде пайда болған кезеңнен бастап келе бастаған. Ресей әскери экспедицияларының құрамында Ресей патшалығында қызметте болған неміс дворяндары, Ресей монархтарының шақыртуымен Ресей ғылым Академиясына келген ғалымдар болды.
Қазақстанға көшірілген немістердің басым бөлігі Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарын қоныстанып, өсіп-өнді. Бұл Қазақстанның неміс ұлты үшін жайлы қоныс қана емес, бірлігі мен татулығы жарасқан, құшағын ашқан ел ретінде сағынышпен еске алатын ата жұртқа айналғанын көрсетеді.

Бірақ (үлгі үшін беріліп отыр)
қарсылықты жалғаулық

666deadlyshadow666 666deadlyshadow666    2   22.02.2021 09:44    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi