2-тапсырма. 1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз. Жауырыны жерге тимеген Дәулет «Мұндай палуандарды сирек кездестіресің. Онда таңғажайып талант бар! Шеберлігінде шек жоқ, нағыз гауһар. Атақтың ешқандай құпиясы жоқ. Дәулеттің құпиясы оның мінезінде жатыр. Оның бойында қазақтың дархандығы, мақсатқа жетудегі табандылық, шынайылық, жомарттық пен мейірім бар!» – дейді ол туралы бапкері Геннадий Андреевич Сапунов. Бапкері – палуан, күрестен КСРО, Еуропа, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, КСРО, Белорусия мен Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сидней олимпиадасында Қазақстан құрамасына жетекшілік еткен. 36 жылдық бапкерлік қызметінде Олимпиаданың 20 чемпионы мен әлемнің 50 чемпионын тәрбиелеген. Ал Дәулет Болатұлы Тұрлыханов - 1963 жылдың 18 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Палуан, грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, ХІІ Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, ХХIV-XXV Олимпиадалық ойындардың күміс, қола жүлдегері болған. 1995, 1999 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қырғызстан олимпиадалық қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиадалық орденімен, FILA, ҚР Ұлтық олимпиадалық комитетінің алтын медальдармен, І дәрежелі Ұлы Петр орденімен, көптеген медальдарымен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. 2. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз. Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат 3. Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпарат