2. Согласны ли вы с тем, что «загрязнение океана опасно для человечества»? Выразите свои мысли в форме короткого эссе с использованием лексических структур и клише. Ну дам ​

ashueva1919 ashueva1919    2   07.12.2020 14:46    9

Ответы
andrej1790 andrej1790  06.01.2021 14:46

Мұхиттың ластануы - адамзат үшін қауіпті.

Грек тілінен аударғанда "мұхит" дегеніміз - Жерді қоршап жатқан ұлы өзен дегенді білдіреді. Әлемдегі төрт мұхит (Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды) - жердің тынысы, гидросфераның негізгі бөлігі.

Дүниежүзілік мұхиттың шаруашылық маңызы өте зор, себебі мұхит - теңіз жағалауындағы елдердің экономикалық өсіміне ықпал ететін минералды шикізат, энергия және биологиялық ресустрадың қайнар көзі.

Ал соңғы кездері дүниежүзілік мұхиттың ластануы ешкімді де бей - жай қалдырмайтыны анық. Ғылыми - техникалық прогресс пен дүниежүзі халық санының артуы себептерінен мұхит суы ластанып жатыр. Ал бұл дүниежүзілік мұхитта экологиялық тепе - теңдіктің бұзылуына әкеледі.

Адамдардың теңізді ластауы теңіздің экожүйесін бұзады; теңіздегі әр түрлі табиғи қимылды өзгертеді. Мұның нәтижесінде адамның да денсаулығы нашарлайды. Осы ластауға бақылаусыз аулау да қосылғанда, теңіздердегі жәндіктердің тіршілігі мен саны да азаяды.

Мұхит суының ластануына әкеп соғатын іс - әрекеттерге мұнай, химиялық заттар, ауыр металдар, түрлі өнеркәсіп түрлері, тұрмыстық қоқыс, радиоактивті қалдықтар т.б. жатады.

Осы мұхитардың ластануын болдырмау үшін бүгінгі күні түрлі мәселелерге тыйым салатын көптеген халықаралық келісімдер мен іс - шаралар жүргізілуде.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi