2. Сөйлемдердің орнын ауыстырып, мәтін құрап жаз, мәтінге ат қой. Сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелердің астын сызып көрсет.
Балық көп түсіпті. Арасында бекіре бар. Төбеде шағалалар шулап ұшып
жүр. Олар ауды тарта бастады. Көксеркелердің жондары жылтырап, тулап
жатыр. Балықшылар қалтқыларға жүзіп келеді. Судан шыққан балықтар біресе
аузын, біресе желбезегін ашады. Олар бір нәрсе дәметеді.