2. Мәтіннен салт, сабақты етістіктерді анықтаңдар. Сабақты етістіктер:
Салт етістіктер:
Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен,
бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-энесінен, туған-
туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір
зат беріп, құтты болсын айтады.
Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап келген
адамдар туған-туысқандарына, көрші-көлемдеріне, дос-жарандарына ірілі-ұсақты
сыйлықтар әкеліп береді. Мұны базарлық деп атайды. Ол - жақсы көргеннің
сыйлағанның белгісі.
Бастаңғы жасау. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері
бас қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып) немесе
замандастарын шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әртүрлі дәмді
тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.
Көрісу. Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен
Құшақтасып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз
ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұны көрісу деп атайды