2. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
(Найтиде антонимы, синонимы данных слов в тексте)
Жас (антоним) -
Білім (синоним) -

Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған. Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулері жоғалып кеткен. Абай он жасқа келгенде, әкесі Семей қаласына әкеліп оқуға берген. Ол Ахмет - Риза медресесінде үш жыл оқиды. Ол өте ұғымтал, зерек бала болған.
Абай медреседе Науаи, Сағди, Физули сияқты ақындардың шығармаларымен танысқан. Ол мұсылманша оқумен шектелмей, Семей қаласындағы «Приходская школға» түсіп, орысша да білімін жетілдіреді.
Әкесі Құнанбай Абайды он үш жасында медреседен шығарып алып, ел жұмысына араластырмақ болады.
Абай жиырма сегіз жасқа келгенде, амалсыздан тастап кеткен орыс тілін қайтадан оқуға кіріседі.Чернышевский, Добролюбовтың шығармаларын көп оқиды.
Абай өз шығармаларында халық туралы жырлаған. Жылдың төрт мезгіліне арнаған өлеңдерінде ақын қазақ даласының жаратылысын, көшпелі қазақ ауылының тұрмыс салтын суреттейді. Қазақтың мал баққан шаруасын, өзгеде қоғамдық құрылысын айтады. «Көктем», «Жаз», «Күз» жайындағы Абай өлеңдерінде нағыз қазақ ауылының суреттері жырланған.

КрутойМиха КрутойМиха    3   21.05.2020 13:01    16

Ответы
moon551 moon551  15.10.2020 04:11

жас-кари

билим-оку

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi