2. Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құрандар. Жоспарға сәйкес мазмұндандар. 1. Төл сөз автор сөзінің ортасына орналасса, автор сөзінен соң қос нүкте қойы-
лып, төл сөз тырнақшаға алынады не оның алдынан сызықша қойылады да,
бас әріппен жазылады. Соңына, егер ол хабарлы сөйлем болса, үтір, сұраулы
сөйлем болса, сұрау белгісі, лепті немесе ерекше леппен айтылған бұйрықты
сөйлем болса, леп белгісі қойылады да, одан кейін, автор сөзінің алдынан Сы-
зықша қойылады. Мысалы: Қарашоқыны бөктерлеп, ай маңдай аттың жол
жорғасымен жүріп отырып, Абай:
Шыңғыстың бөктері тегіс көктепті-ау! – деп, айналаға көз жіберіп келе
жатты. (М.Әуезов.)
2. Автор сөзі төл сөздің арасына орналасса, автор сөзінің алдынан да, соңынан
да үтір және сызықша қойылады, мұндайда төл сөздің екінші бөлігі кіші әріптен
(егер жаңа сөйлем болса бас әріптен) басталып жазылады. Мысалы: «Ғылым-
ды пайдаланып отырса да, – деді Ахмет Байтұрсынұлы, — сезбейтін сол
пайдасын надандар бар»,