2-мәтін ШЕТЕЛДЕРДЕ ОҚЫП ЖҮР ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ...
Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында
мындаган шәкірт шетел асып, «инемен құдық қазыпты». Ал
мүның сыртында әртүрлі шетелдік гранттармен өзге елге қанат
қаққан жастарымыз қанша? Санын доп басып айту қиын.
Олардың қаншасы елге оралып, жемісті еңбек етіп жүр? Сол
жастарымыз өзге елден нендей тың жаңалық, нендей тың серпіліс
әкеліп жатыр?
Ең алдымен, «Жастарды шетелде оқыту кемерінен асып бара
жатқан жоқ па?» деген сұраққа жауап тауып алған жөн. Алысқа
бармай-ақ, іргедегі 1,5 миллиард халқы бар Қытайға назар
салайықшы, «Айдаһар елі» шетелге бала жіберуге айлалы көзбен
қарайды. Жылына оқу мақсатында бірнеше мың адамды ғана
шекара асырып, 2-6 айлық, әрі кетсе, бір жылдық білім беру
курстарына аттандырады. Олардың денін мемлекеттік
қызметкерлер құрайды. Бұл бір. Екіншіден, 120 миллионнан
астам халқы бар Жапония мемлекет тарапынан жылына 15-ақ
азаматты шетелде оқытуға рұқсат береді екен,
Ал Қазақстанда мемлекет тарапынан сайын 3000
студентті 87 мамандық бойынша дүниежүзіндегі 32
аттандыруда. Бұл «шістелге бала оқытпау керек» деген ойды
білдірмесе керек. Осы жағдайларды ескеріп, тек шетелде бала
оқытудың санын емес, сапасын арттырып, кемерінен асып бара
жатқан мәселенің тізгінін бір тартып қою керектігін аңғартады.
Әрине, келешектің көкжиегін кеңіту үшін жастарымыздың
дамыған елдерді көруі, сол жақтан дәріс алып, елінің кемесін алға
сүйреуі қажет-ақ. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Мәселен,
осы бағытта «Болашақ» бағдарламасы жастарды өзі таңдаған
озық оқу орнына орналастыру, оны оқуын бітіргенше қадағалау,
сосын елге қайтқан соң жұмыспен қамту сынды жұмыстарды
дөңгелетіп жатқаны рас.
ЖЫЛ
елге
Qazir үшін
Атыраудан журналистік зерттеу жүргізген
Гүлзада Ниетқалиева
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыбы
Жанры, жанрлық ерекшеліктері неде?
|Құрылымы қандай мәтін болімдерінен тұрады?
Мәтіндер қалай ресімделген?​

evgen22region evgen22region    2   26.10.2020 13:56    113

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi