2-мәтін 1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла
қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің
табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны
қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.
2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі.
Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды.
Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның
астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар