2.Ислам дінінің Қазақстан жерінде таралу себептерін анықтаймыз​

дарханнысанов дарханнысанов    3   17.10.2020 06:42    0

Ответы
Juliabelich2004 Juliabelich2004  16.11.2020 06:44

Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714 жылы қарулы күшпен басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауеренахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испиджабқа (Сайрам) жоғарғы түркештердің қолбасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспанциясына сәтті тойтарыс беріп бірнеше рет жеңді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. қарай түркеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін араб секілді шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі Түркеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап қайтадан Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi