2. Әңгімедегі кейіпкерді сипаттаңыз кейіпкердің есімі
әдеби портреті
оның іс-әрекеттері

Со жылы кездескен адамдардың ішінде, менің сәбилік есімде апам да, жездем де, басқалар да сақталмаған. Тек қана елесі сақталған жалғыз адам – саятшы Ораз. Кейін ол адамның түр-тұлғасын,кескін-кейпін айқын танып, қызыға қарап жүрдім. Бүркіт салып, аң аулайтын. Атқанын я ілдіргенін адамдарға үлестіретін. Орта бойлы, кең маңдайлы, арқасынан шиті мылтығы түспейтін адам еді – ол...
Оның үш мергендігі елдің есінде ерекше сақталған. Бір жазда, ел жайлауда отырғанда той болады. Тойға жиналған жұрт аспанның биігіне шығып ап, бір бозторғайды қуып жүрген тұрымтайды көреді. Тұрымтай бозторғайды әлденеше рет шалып, іле алмайды, тұрымтай шалған сайын бозторғай биіктеп ұша береді. Аздан кейін бозторғайдың екпіні бәсеңдеп, тұрымтайдың екпіні күшейе бастағанын көреді жұрт. «Апырай, енді шалады-ау бейшараны!..» - деп аяған жұрт шуласа бастаған кезде жиынның арасынан мылтықтың дауысы гүрс ете қалады. Со кезде торғайды ілгелі жүрген биіктегі тұрымтай төмен қарай құлдырай құлайды.
Жұрт: «Не болды бұған?» - деп таңданса, тұрымтайды атып түсірген – Ораз екен.

ZzzGoshAzzZ ZzzGoshAzzZ    3   25.12.2020 08:08    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi