2. Асанқайғы бабаларың сияқты жер-су, ел-жұрт қадірі туралы
толғанып, өлең құрастырып көріңдер. Сөйлем соңында қабат-
тасып қойылатын тыныс белгілерін қолданыңдар.
Өз толғауым
|
Асанқайғы толғауынан үзінді
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін?!
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін?!
Көшіп-қонып жүрмеген
Жер қадірін не білсін?!
Көшсе кона білмеген,
Қонса көше білмеген,
Ақылыңа көнбеген
Жұрт қадірін не білсін?!