2- Анализ және интерпретация- 3 тапсырма ТАПСЫРМА №1
тапсырманың мәтіні
Жауабын көрсету
C. Мұратбековтың "Жусан иісі" хикаятындағы эпизодтарды үзінділермен сәйкестендір.
Байланыстар саны: 3
Есікбай арбаның артына жабысып ап, оны талай жерге дейін шығарып салды. Арбадан түсіп қап, қара жолдың үстінде сексиіп ұзақ тұрды. Қайта келгенінде өте көңілсіз еді… Сол сәтте бәріміздің де ойынға еш зауқымыз жоқ, көңілсіз едік.
Эпизодта балалардың бейтаныс құрдастарын көргендегі іс-әректі берілген. Садықтың сөздері - соның дәлелі.
- Ә… Мен білдім, - деді Садық мақтана дауыстап. Онан соң әлгі баланың алдын орай өтіп; - Ей, бала, сендер кеше көшіп келдіңдер ғой, ә? Қоңыр сиырларың бар ғой, ә? - деді.
Сыбырлай шыққан даусында өз айтқанына қалайда қалтқысыз сендіретіндей керемет бір күш бар…Бірақ біртіндеп Аянның ертегісі қызған сайын, әлгі дыбыстардың бәрі құлақтан шет қалып, төңіректі - бүкіл Ешкіөлмес баурайын, төмендегі терең құзды ғажайып бір тыныштық басты. Бұл дүние - ертегі қиял дүниесіне, сиқырлы дүниеге айналып, біз өзіміздің бар-жоғымызды да ұмытқандай болдық.
Балалар Аянға тез бауыр басып кеткен. Аян балалар үйіне кетіп бара жатқанда. бұзық Есікбайдың өзі іштей қиналғанын. балалардың бәрінің ойнауға көңілі болмағанын ұғамыз. Эпизодта балалардың қарым-қатынасы, қимастық сезімдері шынайы жеткізілген.
Осы эпизод арқылы Аянның тамаша ертегі айтушы әрі ойдан шығарушы екенін ұғамыз.