[2] 4-тапсырма. Берілген ақпараттарды ретімен қойыңыз (1 минут).
Ақпарат
Реті
А) 1971 жылы желі арқылы электронды хабарлама жіберуге
мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама
жасалып, ол әлемге кеңінен таралған
В) 1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы
көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары
қосылып, желі халықаралық сипат алды.
С) 1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті.
Ғаламтор желісінің тарихы
Қазіргі кезде ғаламтормен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады.
Негізінде ғаламтор тарихы компьютер пайда болған уақыттан басталды. 1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ-тың алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының акентігі ARPA осы мақсатқа
компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос –Анджелістегі Калифорния университетіне және Стэнфорд зерттеу орталығына тапсырылды.
Компьютерлік желі ARPANET барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды.Желіні ғылымның әртүрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.
1971 жылы желі арқылы электронды хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол әлемге кеңінен таралған. Бұл желіні негізінен , электронды хабарлама жіберу үшін пайдаланылды.
1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.
1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы 03«Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды.
(182 сөз)