2. 127 бет 5 тапсырма. Мәтіннен сөз таптарын анықтап, кестені толтыр. Зат есім Сын есім Үстеу Есімдік Еліктеу сөз Сан есім Етістік
Бір күні зор қуғын болды. Үш үлкен жау Қараадырдың ойында
тобылғылы шұбардан шығарып алып, екі қасқырды сатырлатып,
бастырмалатып қуып берді. Екі айырыла қашты. Ақ қасқырдың
желіні түгел қатқан жоқ екен. Бәрі бірдей соның соңына қарай үңілді.
Көксерек еріксіз ойысып келіп, үшеуінің алдына өзі түсті. Екеуі
қатар қашты. Беттері Қараадыр еді. Ерікке қоймай, жандай шауып,
тауға жібермей қайырып алды. Ақ қасқыр ойға қарай қашты.
Көксерек ерегісіп, тауға қарай тартып еді.
Мұның біреуі ғана қуып, екеуі ананың соңынан кетті. Ықтиярсыз
айырылып кетті. Артында жерді дүрс-дүрс басқан қатты тұяқтар
бұны енді ақ қасқырға қоспады. Сонан соң бұл адырға кіріп, бір-
екі бел асқан соң қуғыншыны адастырып, құтылып кетті. Бірақ
серігі жоқ.
Сонымен қуғын күні Көксерек түні бойы ақ қасқырдың ізіне түсіп
жорытып еді. Бір төбенің ойына келгенде иіс те, із де бітті. Серігінің
иісі жоқ, оның орнына ат, адам иісі мол білінеді. Ағып ұйып қалған
қан көрінді. Азғана иіскелеп, бір рет жалап дәмін де көрді.
Түні бойы көп-көп ұлыды, таң атқанша жер тарпып, шаң боратты,
ыңырсыды, аунады. Ай астында өрлі-берлі сенделіп, көп аяңдап
жүрді. Қасында көлеңкесі ғана жүреді. Тағы да жалғыз жортуылға
түсті...
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесінен
127


2. 127 бет 5 тапсырма. Мәтіннен сөз таптарын анықтап, кестені толтыр. Зат есім Сын есім Үстеу Есімді

Yana6hhhh Yana6hhhh    3   21.02.2021 21:52    5