1990 жылдан бастап алынатын су көлемдерінің азаю тенденциясы байқалады. 2000 жылдардағы табиғи су тұтынумен салыстырғанда, 918 текше метр азайды және 20,57 текше шақырымды құрады. Қазіргі кезде суландыруға 15 текше шақырым жуық көлемде су қолданылады. Соның өзінде суармалы егіншаруашылығы дамыған Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы су тапшылығы сақталып отыр, оның ішінде өте ылғартқыш- күріштің өндірісі. Экономика салаларының 85 пайызы жер беті суымен қамтамасыз етілсе, қалған бөлігі жер астындағы, теңіздегі және сарқынды сулармен іске асады. Бұл жерде су суармалы егіншаруашылығына, одан кейін малдың жем-шөбін даярлау үшін жайылымды суландыруға, сонымен бірге ауыл тұрғындары мен малды сумен қамтуға жұмсалады. Жер беті суларымен жүйелі суландыру, негізінен, оңтүстікте және республикалық оңтүстік-шығысында- Сырдария, Іле, Шу, Талас, Ертіс және басқа өзендер бассейнінде өте жақсы дамыған. Жайылма суландыру, негізінен, Солтүстік және Батыс Қазақстанда көктемгі суды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Олар- Есіл, Торғай, Тобыл, Жайық тағы басқа өзендері.
1)Мәтіннен жалқы мен жалпы есімдерді теріп жаз.
Жалқы есімдер:
Жалпы есімдер:
2) Мына күшейткіш үстеулерден сөйлем құрастырыңдар.
Өте, тым, нағыз, мүлдем