1969-1970 жылдары Алматы облысы маңынан табылған "Алтын адам" алыс-жақын елдерді елең еткізгені анық. Археолог Кемел Ақышев Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін тапты. Тарихи жәдігердің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген.  Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "хайуанат нақышында" жасалған. Бассүйектің сол жағынан жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
(130 сөз)

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз. [3]
Кім?
Не?
Қандай?
Не істеді?

joni200428 joni200428    3   08.12.2020 09:34    0

Ответы
мили241 мили241  07.01.2021 09:35

ответ:Қазақстанда төртінші "Алтын адам" табылды. Ол - Батыс Қазақстан облысында жерленген сармат дәуіріндегі көшбасшының сүйегі екені анықталды. Ал бұған дейін Қазақстан аумағынан үш "Алтын адам" табылғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Олар Алматы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарынан табылған. Қазақстан жерінен табылған "Алтын адамдар" туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi