19. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Тарағым бар
Таранбаймын.
Орағым бар
Ора алмаймын.
Сақалым бар, ал бірақ
Мен ақсақал бола алмаймын.
Тәуелденген сөздерді тауып, оларды үш жақта
және көпше түрде айт

Tolganay11 Tolganay11    1   02.02.2021 08:25    0

Ответы
PauD PauD  02.02.2021 08:30

Тарағым бар

Таранбаймын.

Орағым бар

Ора алмаймын.

Сақалым бар, ал бірақ

Мен ақсақал бола алмаймын.

Жауабы: Қораз.

Тәуелденген сөздер — тарағым, орағым, сақалым.

Жекеше:

І- жақ: Менің тарағым, орағым, сақалым.

ІІ- жақ: Сенің тарағың, орағың, сақалың.

Сіздің тарағыңыз, орағыңыз, сақалыңыз.

ІІІ- жақ: Оның тарағы, орағы, сақалы.

Көпше:

І- жақ: Біздің тарағымыз, орағымыз, сақалымыз.

ІІ- жақ: Сендердің тарақтарың, орақтарың, сақалдарың.

Сіздердің тарақтарыңыз, орақтарыңыз, сақалдарыңыз.

ІІІ- жақ: Олардың тарағы, орағы, сақалы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
333399 333399  02.02.2021 08:30

жұмбақтың жауабы болады: Ешкі

менің тарағым, орағым, сақалым

сенің тарағың

сіздің тарағыңыз

оның тарағы

біздің тарағымыз

сендердің тарақтарың

сіздердің тарақтарыңыз

олардың тарақтары

сақалым сөзін осылай жазасың

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi