17.Сөйлемдердегі толықтауыштардың астын сызып, олардың қай септікте тұрғанын түсіндіріңіз. А. Байтұрсыновтың аудармалары. А. Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы – көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И. А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И. И. Хемницердің «Ат пен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С. Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.

anastasia1292 anastasia1292    2   16.06.2021 17:52    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi