16-тапсырма. Сөйлемдерден буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалары бар сөздердің астын сызыңыз. Қара жорға Қасқырбайдікі (Ә.Сәрсенбаев). Шын бүгін Ақшоқыға өздерінің соңғы өнер, табыстарын асығып әкелген өнерпаздар аз емес. Ол жаңағыдай жайларда өте намыскер, басынан сөз асыра алмайды (М.Әуезов). Ел де, жер де бұлардікі. Жәнібектің қол астындағы ел шетінен сөзуар (Ә.Кекілбаев).