15. «Ядролық өндіріс адамзатқа қажет пе?» деген тақырыпта келісу не
келіспеу эссесін жаз.

амоооооооо амоооооооо    3   02.12.2020 09:20    40

Ответы
dimaghhf dimaghhf  01.01.2021 09:21

Бәріңізге белгілі ядролық қару қазіргі кезде әлемдегі ең суық, ең қауіпті қару. Сондықтан ең қауіпті және ең қорқынышты осы бір қаруды жасаудың және пайдаланудың адамзатқа керегі бар ма?

Ядролық қару – бұл әлемдік қару және ол ядролық реакциясы бар энергия көзі. Жалпы аталған қару ежелден келе жатқан қауіп емес. Сондықтан да бұл қаруды "ең жас қарулардың бірі" деп атауға болады. Анығырақ айтсақ, 1945 жылдың тамыз айында ғана сынақтан өткенін білесіздер. Зерттеушілердің айтуынша, алғашқы ядролық қаруды ойлап тапқан – неміс ғалымдары. Бірақ оны алғашқы болып қолданушы және сынақтан өткізуші ел – АҚШ. Хиросима мен Нагасакиде болған трагедиялық жағдай айтпасақ та есімізде. Міне, дәл осы кезде ядролық қарудың қандай күшті әрі қауіпті екенін а шынайы байқады, көрді.

Қазір ядролық қару алпауыт елдердің қанжығасында бар. Атап айтсақ, АҚШ, Ресей, Қытай, Пәкістан, Үндістан, Франция, Ұлыбритания және дәл қазіргі таңда әлемге үрей тудырып отырған Солтүстік Корея елінде бар. Бұл қатарда Қазақстан да болған. Қауіпті қарудан бас тартқан бүгінге дейінгі ел – жалғыз біз.Ядролық қарудан алуға болатын қандай пайдалы дүние бар? Шындығында ештеңе. Оның қару екенін аты айтып тұр. Ендеше оның қажеті жоқ. Тек күш көрсету, өзіңді қорғау мақсатында пайдаланбасаңыз, оның қашан болмасын бір атылып шығар күні бар. Сондықтан бас тарту әлдеқайда дұрыс шешім. Ал жоғарыда атап көрсеткен елдер ядролық қарудан бас тарта ала ма? Бұл өте қиын сұрақ және жауабын табу да оңай емес. Себебі державалардың жер бетінде үстемдік құрғысы келеді. Ал үстемдік құру үшін ядролық қару таптырмас сылтау ғана.

Бейбітшілікті сақтап отырған Қазақстан әлем үшін үлгі болар ма еді?..

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi