Бойымдай бой табылса да, Ойымдай ой табылмас. *** Сыйға сый, сыраға бал. *** Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста. *** Тіріде сыйласпаған, Өліде жылыспайды. *** Танымас, танымасын сыйламас. *** Көңілдегі сырды көз білдіреді. *** Өз үйім өлең төсегім. *** Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын. *** Үй ішінен жау шықса, Тұра қашып құтылмассың. *** Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі. *** «Сіз», «біз» - деген жылы сөз, Ағайынға жарасар. *** Қарындасың – қарлығашың. *** Ине өткен жерден жіп өтер. *** Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың жағасы бар. *** Төркін десе қыз төзбейді, Көкпек десе түйе төзбейді. *** Апасының киген тонын сіңлісі де киер. *** Қазаны басқаның қайғысы басқа. *** Ата – баланың қорғаны. *** Атаға баланың алалығы жоқ.
Ойымдай ой табылмас.
***
Сыйға сый, сыраға бал.
***
Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
***
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жылыспайды.
***
Танымас, танымасын сыйламас.
***
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
***
Өз үйім өлең төсегім.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
***
Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.
***
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
***
Қарындасың – қарлығашың.
***
Ине өткен жерден жіп өтер.
***
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
***
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
***
Апасының киген тонын сіңлісі де киер.
***
Қазаны басқаның қайғысы басқа.
***
Ата – баланың қорғаны.
***
Атаға баланың алалығы жоқ.