1375 жыл Әмир Темир шайкасы

nataaleksandro2 nataaleksandro2    1   17.03.2021 14:26    0

Ответы
ДвоечникТочно ДвоечникТочно  17.03.2021 14:30

Әмір Темір өзінің Шағатай ұрпағының бұрынғы иеліктерінде бір орталыққа бағынған қуатты мемлекет құрмақшы болған мақсаттарына кедергі жасай алатын Моғолстанды әлсіретуді міндет етіп қойды. Ол жиырма жыл бойы Шу мен Талас өңіріне және Жетісуға үздіксіз шапқыншылықтар ұйымдастырып, оны Дешті Қыпшаққа, Хорезмге, Таяу және Орта Шығыс елдеріне жасаған жорықтармен кезектестіріп отырды. 1371 – 72 ж. Әмір Темір Моғолстанға әскер аттандырды. Бұл жорық кезінде Әмір Темір әскері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін жетіп, көп тұтқын мен мол олжа түсіріп қайтты. 1375 ж. жасалған жорық кезінде Әмір Темір әскері Талас алабы арқылы жүріп, Ілеге дейін жетті.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi