11-тапсырма. берілген сұрақтарға сәйкес «тарих қойнауында» тақырыбы-
на мәтін жаз, оған қарапайым жоспар құр.
1. қазақ тарихындағы тарихи тұлғалар туралы қандай ақпарат
білесің?
2. қазақ халқының ұлы тұлғалары туралы қандай шығармалар-
ды оқыдың?
3. өз еліңді құрметтеу неден бастау алады?

dan776 dan776    2   06.12.2019 19:44    20

Ответы
катя10467743 катя10467743  10.10.2020 18:59

1. Қазақ елінің тарихында өшпес із қалдырып, есімдері тарихта алтын әріппен жазылған тұлғалар аз емес. Бұл кісілер еліміздің тәуелсіздігі мен дамуы, мәдениеті мен тіл тазалығы секілді салаларда өз еңбектерімен танымал болды. мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.

Қазақ халқы үшін біртуар дара тұлға, ерлік пен елдіктің киесіндей танылған даңқты қаһарман, батыр. Сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды.

2. Әрине, бұл ретте Мұхтар Әуезовтың "Абай жолын" атап кетпесем болмас. Сонымен қатар Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясын оқыдым. Трилогияның басты кейіпкерлері – есімдері ел есінде қалған, елі мен жері үшін жанын аямаған батырлар, яғни өмірде болған тұлғалар.

3. Өз еліңе деген құрмет пен шексіз махаббат отбасынан басталады. Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi