11:21 DE Оқылым. Мәтінді түсініп оқып, төмендегі
тапсырмаларды орындаңыз.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір
адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын
қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі
көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына
кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп
орынды айтқан. Денсаулық – бұл адамның
еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің
саулығын және рухани саулығын сезіну.
Жеке бас тазалығының ережелері:
-күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп
ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
-таңертең тісіңді тазалап, беті-қолыңды,
мойның мен құлағыңды жу;
-ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп
алуды ұмытпа;
-ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімің
таза және үтіктелген болсын;
-мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын
заттарыңды реттеп ұста;
-өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап,
шаңын сүрт;
- сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киім
Ілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің
араласып жатпасын.
Тері тазалығы – адам денсаулығы кепілінің бірі.
Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда
ғана теріні түрлі микробтар мен лас
нәрселерден айықтырып, тазартуға
болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш
пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен
суықтан сақтайды. Шашты аптасына 1 рет
жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға
болмайды.
1 - тапсырма. Мәтін бойынша 5 сұрақ
құрастырып жазыңыз/
Составьте по тексту 5 вопросов, запишите это СОЧ