10Б ОЧЕНЬ НУЖНО ХОТЯБЫ ЭССЕ


10Б ОЧЕНЬ НУЖНО ХОТЯБЫ ЭССЕ

Даня0987853339 Даня0987853339    3   05.03.2021 08:47    0

Ответы
MADINABALA MADINABALA  04.04.2021 08:50

Объяснение:

Бүгінде роботтар адам атқаратын кез келген қызметті айна-қатесіз орындай алады. Үй жинап, егде кісілерге немесе балаларға күтуші болып, сатушы ретінде сатып алушылардың сұрағына жауап бере алатын роботтар, робот мұғалімдер немесе ақылды техникалар – осы заманғы ғылымының басты тенденциясы Мысалы, Брукинг институтының мамандары жүргізген сауалнамаға қатысқан америкалықтар алдағы 5 жылда үйде электронды көмекшінің болуы қалыпты жағдай деп санайды. Сонымен қатар 30 жылдан кейін ауыр жұмыстың барлығын роботтар істейтініне де сенімді.

Бұл бағытта зерттеу жасаған Adzuna компаниясы алдағы он жылда көлік жүргізушісі, хат тасымалдаушы, есепші, күзетші, тігінші, сатушы, фабрикалардағы зат жинаушылардың қызметін роботтар атқарады деген шешімге келген.

САЙТТЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ

Қай мамандық иесін роботтар алмастыра алмайды?

Әлемде мамандықтар өзгеруде, алайда қазақстандықтар «өзгеруге» асыға қоймайтын сияқты.

Қай мамандық иесін роботтар алмастыра алмайды?

04 Қараша 2019 Автор: Құралай Құдайберген

Болашақта мамандықтардың өзгеретіні анық болды. Жасанды интеллект дамып, роботтардың түрлі мамандықтар бойынша адамдардың орнын басатыны туралы жиі айтылып келеді. Мысалы, Брукинг институтының мамандары жүргізген сауалнамаға қатысқан америкалықтар алдағы 5 жылда үйде электронды көмекшінің болуы қалыпты жағдай деп санайды. Сонымен қатар 30 жылдан кейін ауыр жұмыстың барлығын роботтар істейтініне де сенімді.

Бұл бағытта зерттеу жасаған Adzuna компаниясы алдағы он жылда көлік жүргізушісі, хат тасымалдаушы, есепші, күзетші, тігінші, сатушы, фабрикалардағы зат жинаушылардың қызметін роботтар атқарады деген шешімге келген.

Жапониялық Parlo роботын жасаушы FujiSoft Incorporated компаниясы роботтар іс қағаздар жүргізу, мәліметтерді өңдеу, колл орталықтарда, қонақ үйлерде консьерж қызметін атқаруы мүмкін деп жазады. Мысалы, ALT Technologies Inc. компаниясы жасап шығарған бағдарламалық шешімнің арқасында колл орталықтағы 100 адамның орнына тек бес адам жұмыс істеп, қалған 95 қызметкерді жасанды интеллект алмастыра алады.

Ресейлік Халық шаруашылығы академиясы 2030 жылы автоматтандыру салдарынан 20 млн ресейлік жұмыссыз қалуы мүмкін деген қорытынды шығарған. Бұл елдегі жұмыс істейтіндердің 45,5%-ы.

Сарапшылардың айтуынша жасанды интеллект пен роботтандыру сынды жаппай автоматтандырудың пайдасы жаңа өнімдер мен қызметтердің пайда болуына, өнімділіктің артуына ықпал етеді. Мысалы, жаңа технологиялардың арқасында 2030 жылы әлемдегі ӘЖӨ 14%-ға өседі. Алайда бүкіл әлем бойынша адамдардың 37%-ы жұмыссыз қалуы мүмкін. Сонымен қатар, сарапшылар болашақта адамдардың еншісінде тек роботтар атқара алмайтын мамандықтар ғана қалатынын айтады. Яғни, нейрожелілер барлық салада адамдармен бәсекелесе алмайды. Сондықтан көпшілік мамандықты алмастыру әлі де мүмкін емес. Мәселен, медицина саласындағы кейбір қызметті роботтардың атқаруы қиын. Сол сияқты роботтар дайындалуы күрделі тағамды жасауы екіталай. Яғни, адамның қабілетін талап ететін мамандықтарды роботтардың атқару мүмкіндігі аз. «Алайда жасанды интеллект, роботтану, автоматтандыру мамандықтарды түбегейлі өзгертеді. Бұл Қазақстанды да айналып өтпейді», - дейді сарапшылар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi