10. «Жүйрік» сөзінің тура мағынада қолданылған түрін белгілеңіз. А) Сөзге жүйрік, тілге шешен.
В) Жүйріктер жер тарпи бастады.
С) Шоқан ойының жүйріктігіне таң қалды.
Д) Жүйрік-ау көңіл деген көк дөнен.
11. Омонимдес сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Жазғы демалыс туралы әңгіме жазылды.
В) Оқ атуға оқтала беріп, тоқтады.
С) Таң атып, кеш батты.
Д) Жаны жайсаң жан еді.
12. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.
А) Қызба – ашушаң В) Қарт – қария С) Есік – төр Д) Қайғы – қасірет
13. Түбір тұлғасы сақталып біріккен сөзді табыңыз.
А) Саңырауқұлақ В) Өмірзақ С) Білезік Д) Түрегелді
14. Жұрнақ жалғану жолымен жасалған туынды сөзді көрсетіңіз.
А) Сарысу В) Сәнқой С) Қырық-елу Д) Көйлек
15. Туынды сөзді ажыратыңыз.
А) Санасы В) Балапанмен С) Дәмді Д) Құда
16. Жалпы зат есім атауын табыңыз.
А) «Егемен қазақстан» В) Қала С) Тайбурыл Д) Нұрай
17. Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді көрсетіңіз.
А) Қоян-қолтық В) Тарс-тұрс С) Анда-санда Д) Сегіз-тоғыз
18. Дұрыс тасымалданған сөзді белгілеңіз.
А) Сөйл-еу-ші В) Ба-ла-пан С) Әлд-екім Д) Көй-лек-тер-і
19. Түбірлес сөзді табыңыз.
А) Асыл, ақыл В) Үйір, үйрек С) Өткір, Өтімді Д) Сыпайы, сыйлы

sp14 sp14    2   12.03.2021 15:03    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi