10 вопросительных предложений к этому тексту.Аяулы анам, мен өзімді бақыттымын деп санаймын, себебі анасы бар адамдар – бақытты жандар. Олар қанат астындағы балапандар
сияқты үнемі ана жылуын, махаббатын, мейірімін сезініп жүреді.
Анашым, сіз менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз, тәрбиешімсіз.
Әрдайым жақсылық жасауға, жамандықтан қашуға баулу үшін ба-
рыңызды аямадыңыз. Жетістіктерге жетсем, менімен бірге қуанып,
жігерлендіре түсесіз, сүрінсем, жұбатып, бірге мұңаясыз.
Аяулы анам, кей кездері ренжітсем, кешірім сұраймын. Бұдан
былай қателіктерімді қайталамай, артымнан ерген іні-қарындасыма
үлгі болуға талпынамын.
Жан анам, ақ анам, ардақты анам, менің тілеуім, арманым
әрқашан сіздің жадыраған жүзіңізді көріп, сіздің алдыңыздағы
борышымды өтеу. Деніңіз сау болып, үнемі қасымыздан табыла
беріңіз. Мен сізді қатты жақсы көремін!