10-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқы. Мәтін
мазмұнына сүйеніп, осы сапарға жұртшылықты шақырып, жарнамалық
мәтін жаз. Талаптар: жарнама мәтінінің сөз көлемі 100 сөз. Мазмұны
қысқа әрі тартымды болсын.
2014 жылдың 24 шілдесінде қазақтың ұлы ғалымы, саяхат
шы Шоқан Уәлихановтың 185 жылдық мерейтойына арналған
«Қазақстанның ұлттық жағрафиялық қоғамы» республикалық
қоғамдық бірлестігінің жобасы іске қосылады. Ол бойын-
ша отандық жағрафия, тарих, биолог, этнограф және тіл ма-
мандарынан тұратын бір топ ғалым Шоқан Уәлихановтың
Қашғарияға керуенмен сапарлаған жолы ізімен экспедицияға
шықпақшы. Экспедицияға қатысушылар Қашғарияның тари-
хы, жағрафиясы, этнографиясы, тіл білімі бойынша деректерді
жинастыруды, Марко Поло, Шоқан Уәлиханов, Николай Прже-
вальский, Петр Козлов, Алексей Куропаткин, Карл Маннер-
гейм, Аурел Стейн, Свен Гедин, Гуннар Ярринг және Юрий
Рерих сынды ұлы саяхатшылардың алған бағытын зерттеуді
жоспарлаған.
Қашғария экспедициясының қорытындысы бойынша Шоқан
Уәлихановтың осы аймаққа сапарына айрықша маңыз беретін,
осы аумақтың тарихы, этнографиясы, биологиясы, тіл білімі
жөніндегі түрлі мақалалардан тұратын альбом-кітап басып
шығару жоспарланған. Жоба аяқталған соң, болашақта Орталық
Азия мемлекеттері мен ҚХР-дің туристік мүмкіндіктерін біріктіруі тиіс "Орталық Азиялық Алтын Шеңбер,, жобасына қолданылатын экспедиция барысында жинақталған деректер бойынша бейнефильм түсіру де қолға алынбақшы​

Dmutrenkovladuslav12 Dmutrenkovladuslav12    1   15.05.2020 09:28    24

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi