1- жаттығу Сан есімдерді тауып, олардың мағыналық түрлерін ажыратыңдар.
Өтірік екеу, шын төртеу. (Мақал).
Бір енеден бес едік.
Бесеуіміз жүргенде,
Алашқа болман деуші едік.
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік. (Махамбет).
Екеудің үлесі үшеуге үнем. (мақал)
2 – жаттығу
1. Сан есімдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып жазыңдар.
2. мағыналық түрлерін ажыратыңдар.
3. бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
30 дан, 40 қа, 5 сынып, ІІІ курс, 3 курс, 12 мектеп, ХХ том, 20 том, 7 сәуір, 1983 жыл, 40 таған, 20-30 дарда, 40 аса,50 ге жақын, 10,5, 2,5,
3– жаттығу
Сан есімдерді тауып , мағынасына қарай ажыратыңдар.
Бір адамның өмірін 100 жылға шамалап, оны бір дәуір деп атаған. Оқушылар бұл екеуіне сұрақ жаудыра бастады. Төрт-төрттен қатар түзеген жасөспірімдер жүзінен қуаныш табы сезіледі. Жетеуі бірдей үйге топырлап кіріп келгенде , үйдегілердің бәрі аңтарыла қарады. Ол жиырмаға жуық жаңа әндерін жариялап үлгерді.
4-жаттығу.
Сан есімдерді тауып , тұлғасына қарай ажыратыңдар.
Үйге жиырма шақты артист жиналды.  Тас көмір – бұдан екі жүз миллиондаған жылдар бұрын жер бетіне қаптап шыққан өсімдіктердің денелері.  Қазір республика совхоздарында жүз мыңдай агроном , инженер, зоотехник және басқа мамандар жұмыс істейді . 1916 жыл. Шілденің ақырғы айы – августың бас кезі. Баскент қазір жүз елу мыңдай халқы бар , бұрынғыдан алты – жеті есе ұлғайған индустриялы , көп құрылысты қызық қала , өнерлі қала боп қатты өсіпті .
5- жаттығу
Есептік сан есімді тауып , құрамына  қарай талдаңдар.
Өткен бес жылдықта мемлекетке жоспардан тыс 144,4 т.сүт, 14,7мың т. жүн, 105,1мың қаракүл елтірісі тапсырылды.Осыдан соң өзге жиырма бес жігітті қатарына шақыртып алды . Бәрімізде 7-ақ бұзаулы сиыр , 6-ақ жылқы , 13-ақ қой бар еді. Олардың бәрін еліктіріп , аса қыздырған жалғыз бір шырқаған асқақ үн , ол – ән. Оныншы және он бірінші бес жылдықтың алғашқы төрт жылында барлық түлікті қоса есептегенде , қоғамдық мал басы 2482000 – ға көбейді.

polina04081 polina04081    1   03.04.2022 21:49    10

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi